Жұртты жылатқан тосынсый: Бетперде киген жігіт 4 бірдей сый жасады (ВИДЕО)

Жұртты жылатқан тосынсый: Бетперде киген жігіт 4 бірдей сый жасады (ВИДЕО)
Коллаж: ult.kz

Қара бетперде киген жігіт Нұрана есімді қыздың отбасына пәтер сыйлады, деп хабарлайды ult.kz.

Әлеуметтік желіде қайырымдылықпен танылған қара бетперде киген жігіт Нұрана есімді қыздың отбасына үлкен тосынсый жасады.

Ол отбасыға баспана сыйлап қана қоймай, Нұрананың емделуі мен білім алуына қаржылай қолдау көрсеткен. Сонымен қатар отбасыға қасиетті Умра сапарына жолдама тарту еткен.

Қайырымдылық жасаған азамат бұған дейін де мұқтаж жандарға жасырын түрде көмек көрсетіп жүрген. Оның кім екені әзірге көпшілікке белгісіз.

Желі қолданушылары белгісіз қайырымды жанның әрекетіне жылы пікір білдіріп, игі ісіне алғыс айтып жатыр.