Жүргізушілерге қате айыппұл кеткен: ІІМ себебін түсіндірді

Жүргізушілерге қате айыппұл кеткен: ІІМ себебін түсіндірді
Ашық дереккөзден

Қазақстанның кейбір жүргізушілеріне жылдамдықты асырмағанына қарамастан айыппұл туралы нұсқама жіберілген. ІІМ мұның ақпараттық жүйедегі техникалық ақаудан болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

13–14 тамыз аралығында Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау тіркелген.

Соның салдарынан жолдағы орташа жылдамдықты асыру фактілерінің кейбірі көліктің бір сәттік жылдамдықты асыруы ретінде қате рәсімделген.

ІІшкі істер министрлігі қате қалыптастырылған нұсқамалардың барлығы анықталғанын және олардың автоматты түрде жойылатынын хабарлады.

«Мәселе тек тасжолдарда аталған техникалық ақаудың салдарынан қате рәсімделген айыппұлдарға қатысты. Ал мұндай айыппұлдарды төлеп қойған жүргізушілерге қаражатты қайтару мәселесі қазір пысықталып жатыр», – деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов.

Министрлік техникалық ақаудың салдарын жою бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын және жағдайдың бақылауда екенін атап өтті.