Жүкті әйелдің өлімі: 17 жыл бұрынғы қылмыс ашылды

Жүкті әйелдің өлімі: 17 жыл бұрынғы қылмыс ашылды
Коллаж: видеодан кадр

17 жыл бұрын болған атышулы кісі өлімі ашылды, деп хабарлайды ult.kz.

2009 жылдың мамырында жүкті әйелдің денесі саябақтан табылған. Қыздың кеуде тұсы, арқасы мен мойнына бірнеше пышақ жарақаты салынған.

Жаңа технологиялардың көмегімен марқұмның киімінен сол кезде 60 жаста болған күдіктінің «із иісі» анықталған.

Сонымен қатар ер адам полиграфтан өткізілген. Оның тест кезіндегі реакциясы тергеушілердің күдігін күшейткен.

Тергеу нұсқасы бойынша, ер адам қызбен мас күйінде жанжалдасып, кейін оны өлтірген.

Күдікті қамауға алынды.