Жолдағы жанжалдан кейін ер адамды ұрып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші Алматыда ұсталды

Жолдағы жанжалдан кейін ер адамды ұрып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші Алматыда ұсталды
Криминальный Казахстан

Алматыда жолдағы жанжалдан кейін ер адамға шабуыл жасап, оны ұрып кеткен жол талғамайтын көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды ult.kz Криминальный Казахстан telegram арнасына сілтеме жасап.

Оқиға Forum сауда орталығының маңында болған. Жолдағы жанжалдан кейін жүргізуші ер адамға шабуыл жасап, оны ұрған соң оқиға орнынан кетіп қалған.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысы Алматы қаласы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.