Freedom Inside '26

Жол апатынан көз жұмған полицей жер қойнына тапсырылды (ВИДЕО)

Жол апатынан көз жұмған полицей жер қойнына тапсырылды (ВИДЕО)
Коллаж: Arasha.kz

Батыс Қазақстанда жол апатынан көз жұмған полицейлер жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды ult.kz.

Қоштасу рәсімінде ішкі істер министрі Ержан Саденовтың марқұмдардың отбасы мен жақындарына жолдаған көңіл айту хаты оқылды. 

Хатта олардың қызметтік міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі, Отан алдындағы антына адалдығы аталып өтті. 

Сондай-ақ ішкі істер министрлігі тарапынан жанұяларына жан-жақты қолдау көрсетілетіні жеткізілді.