24 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. «Қазгидромет» болжамынша, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік өңірлерде көктайғақ болады, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада күн ала бұлтты болып, кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде −1…+1, күндіз +2…+4 градус болады.
Алматыда күндіз жаңбыр жауады. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +7…+9, күндіз +17…+19 градус болады.
Шымкентте жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 8–13 метр, түнде екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +9…+11, күндіз +12…+14 градус болады.