Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Бүгінгі валюта бағамы қандай болды?

Бүгінгі валюта бағамы қандай болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

23 қарашада Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,20 теңгеге төмендеп, 455,12 теңге болды. Ұлттық банктің бүгінгі ресми бағамы — 455 теңге, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада доллар орта есеппен 450 теңгеден сатып алынып, 457 теңгеден сатылып жатыр. Еуроны сатып алу бағамы — 492 теңге, сату бағамы — 502 теңге. Рубль 5,20 теңгеден қабылданып, 5,40 теңгеден сатылуда. Бұл деректер сағат 16:01-де жарияланған. 

Алматыда долларды сатып алу бағамы — 452,14 теңге, сату бағамы — 454,61 теңге. Еуро тиісінше 497,70 және 502,09 теңгеден, рубль 5,24 және 5,36 теңгеден айырбасталады. 

Шымкентте таңертең жарияланған мәлімет бойынша доллар 453,09 теңгеден сатып алынып, 456,06 теңгеден сатылған. Еуроның сатып алу бағамы — 496,66 теңге, сату бағамы — 501,78 теңге. Рубль тиісінше 5,27 және 5,33 теңге болған. Айырбастау орындарындағы бағам күн ішінде өзгеруі мүмкін.