Жыл соңына дейін студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі


Жыл соңына дейін елімізде студенттерге арналған 23 жатақхана пайдалануға беріледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының Үшінші әлеуметтік бастамасы аясында 2020 жылы 20 мың төсек-орынға арналған 75 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, биыл жыл басынан бастап 3 мың төсек-орынға арналған 15 жатақхана пайдалануға берілген еді», - деп атап өтеді Үкімет басшысының орынбасары жауабында. 

Оның мәліметінше, 2021 жылдың соңына дейін жасалған алдын ала шарттар есебінен 5,5 мың төсек-орынға арналған 23 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланған. 

«Бұдан басқа, сегіз оқу орны тұрғын үй-жайларды жалға алу есебінен 2 мыңға жуық төсек-орынға қажеттілікті қамтамасыз етіп отыр. Ал, 2022 жылы 24 мыңға жуық орындық 59 жатақхананы, 2023 жылы 11,5 мың орындық 25 жатақхананы пайдалануға беру жоспарлануда», - деді Ералы Тоғжанов.