Жетісуда сатушы әйелдер төбелесіп, бір-бірінің басынан тепті (ВИДЕО)

Жетісуда сатушы әйелдер төбелесіп, бір-бірінің басынан тепті (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Жетісу облысының Ақсу ауданында саудагерлер арасындағы жанжал төбелеске ұласқан. Әлеуметтік желіде тараған видеода қатысушылардың бірі жерде жатқан әйелге жақындап, полиция қызметкерінің көзінше оның бетінен аяғымен тепкені көрінеді, деп хабарлайды ult.kz.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жанжалдың туындауына сатушылардың бір бөлігін арнайы жабдықталған базарға көшіруінен кейінгі сатып алушыларға қатысты дау себеп болуы мүмкін.

Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Полицияның мәліметінше, ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, полиция бөліміне жеткізілді.