Freedom Inside '26

Жеті ер адам 20 жастағы студентті өлтіріп кеткен

Жеті ер адам 20 жастағы студентті өлтіріп кеткен
Фото: gov.kz

Омбыда 20 жастағы студентті өлтірді деген күдікпен жеті адам ұсталды, деп хабарлайды ult.kz.

21 маусым күні Александр Т. үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бірнеше күн бойы іздеген студенттің мәйіті бес күннен кейін Сыропят тас жолының маңынан табылды. Оның денесінен пышақ жарақаттары анықталған.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер студентті алдын ала алдап шақырып, бос жерге апарған. Сол жерде қол-аяғын байлап, бірнеше рет пышақтап, тастап кеткен.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, қылмыс алдын ала жоспарланған. Күдіктілер қылмысқа қажетті заттарды сатып алып, өздеріне алиби де дайындаған.

Қазір жеті күдікті де ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.