Freedom Inside '26

Жерге пакет төсеп тамақ жеген келіндерді ел сынап тастады (ВИДЕО)

Жерге пакет төсеп тамақ жеген келіндерді ел сынап тастады (ВИДЕО)
Коллаж: Видеодан кадр

Threads әлеуметтік желісінде киіз үй маңында түсірілген видео қызу талқыланып, қоғамның әртүрлі пікірін тудырды, деп хабарлайды ult.kz.

Таралған кадрларда бір топ қыз-келіншектің далада, көлеңкеде жерге жайылған пакеттің үстіне қойылған астан палау жеп отырғаны көрінеді. Оқиға ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлердің жанында өткен. Алайда видеода әйелдердің арнайы дастархан немесе үстелсіз, тікелей жерге отырып тамақ ішкені байқалады.

Бұл көрініс әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі мұндай жағдайды сынға алып, әйелдерге деген құрметтің жеткіліксіз екенін айтса, енді бірі бұл жағдайды тұрмыстық немесе ұйымдастырудағы олқылық ретінде бағалаған.

Желіде пікір қалдырғандардың бір бөлігі: «мұндай көрініс ұлттық дәстүрге сай келмейді», «адамға лайық жағдай жасалуы керек еді» деген ойларын білдірді. Ал басқалары бұл жағдайды тым әсірелемей, нақты жағдайды білмей тұрып қорытынды жасау дұрыс емес екенін алға тартты.

Белгілі болғандай, видеодағы қыз-келіншектер Алматы облысынан екені айтылады.