Жазира Байырбекованың сіңлісі опаздық туралы жазба жариялады

Жазира Байырбекованың сіңлісі опаздық туралы жазба жариялады
Коллаж: ult.kz

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі Назира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында неке адалдығы мен ер адамның опасыздығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ult.kz.

Ол өзін бағалайтын және отбасы құндылығын жоғары қоятын әйелдер күйеуінің көзге шөп салуын кешірмейтінін жазды.

«Өз құнын білетін, өзін-өзі бағалайтын, шекарасы анық, отбасын, неке адалдығын құнды дүние, бақытымның өзегі деп қарайтын әйелдер “изменаны” кешірмейді», – деп жазды ол.

Назира Байырбекованың сөзінше, мұндай жағдайда ер адамның жасы мен өміріндегі өзге де жағдайлар әйелдің шешіміне әсер етпеуі керек.

Олар ертең өлетін болып тұрса да, ал бүгін сыңары көзіне шөп салса, бүгін ажырасады. Өмірінің соңғы күні болса да», – деді ол.

Сондай-ақ ол әйел адам өзіне құрметсіздік көрсетуге жол бермеуі керектігін атап өтті.

«Қош бол, көңілдес іздеуден басқа өмірден мән таба алмаған адам!» – деп жазды Назира Байырбекова.