Жас ғалымдарға пәтер берілмек: баспана алатындардың тізімі бекітілді

Жас ғалымдарға пәтер берілмек: баспана алатындардың тізімі бекітілді
kn.kz

Ғылым және жоғары білім министрлігінде жас ғалымдарға тұрғын үй бөлу жөніндегі Республикалық комиссияның отырысы өтті. Жиында Астана мен Алматы қалаларынан пәтер алатын жас ғалымдардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды ult.kz.

Министрлік мәліметінше, жас ғалымдарды баспанамен қамту жұмысы кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Бұл бастама олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, ғылыми-зерттеу жұмысына қолайлы жағдай жасауға және жас кадрларды ғылым саласында ұстап қалуға бағытталған.

Сонымен қатар 2023–2027 жылдарға арналған жас ғалымдарды жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы жалғасып келеді. Жоба Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» арасында 2023 жылғы 19 қазанда жасалған ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асырылуда.

Министрліктің айтуынша, жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – олардың кәсіби және әлеуметтік дамуына жағдай жасап, Қазақстандағы ғылыми қызметтің тартымдылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларының бірі.

Биыл төрт жас ғалымға пәтер сертификаты табысталды. Баспана жас зерттеушілерді қолдау және ғылымды дамыту жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес берілді.