Зарина Дияс Майами мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Зарина Дияс Майами мастерс турнирінің үшінші айналымына шыға алмады

Қазақстандық Зарина Дияс Майами WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дүниежүзілік рейтингте 89-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда әлемнің 12-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті.

Бірінші партияда швейцариялық спортшы айқын басымдылық көрсетті - 6:2. 

Ол екінші сетте де қарқынын кеміткен жоқ - 6:1.

Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды.

Б.Бенчич үшінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондрушова немесе рейтингте 38-сатыдағы қытайлық Ван Цянның біреуімен шеберлік байқасады.