Алматы облысы Іле ауданында адам өліміне әкелген жол апаты болды. Оқиға Қараой – Байкент тасжолында тіркелген, деп хабарлайды ult.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Toyota Camry көлігі Қараой бағытынан Байкент бағытына қарай келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне шығып кеткен. Артынша машина бүйірімен ағашқа соғылған. Соққының салдарынан автомобиль қатты зақымданған.
Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірінің жағдайы ауыр екені айтылды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар әскери киімде болған. Қорғаныс министрлігі бұл жол апаты ведомство қызметкерлеріне қатысы жоқ екенін мәлімдеді. ҰҚК жағдайға қатысты пікір білдірмеді.
Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.