Жантүршігерлік су тасқыны: 270 адам қаза тапты

Жантүршігерлік су тасқыны: 270 адам қаза тапты
Фото: әлеуметтік желі

Непал мен Тибетте мұздықтың опырылуы салдарынан болған тасқыннан 270-тен астам адам қаза тауып, 1300-ден астам адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды ult.kz.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жоғалғандар қатарында Қазақстан азаматы да бар.

Ведомство хабарлауынша, қазақстандық азаматша туристік топ құрамында Непалдан Қытай аумағына өткен. Қазіргі уақытта оның нақты орналасқан жері белгісіз. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандық дипломаттар жергілікті мемлекеттік органдармен байланыста болып, жағдайды бақылауда ұстап отыр.