Freedom Inside '26

Жантүршігерлік апаттан 37 адам бір сәтте тіл тартпай кетті

Жантүршігерлік апаттан 37 адам бір сәтте тіл тартпай кетті
Фото: freepik

Филиппиндегі жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 37-ге жетті, деп хабарлайды ult.kz.

Филиппин аралдарында қуаты 7,8 балдық зілзала құрбандарының саны 35-ке жетті. Алапат жер сілкінісінен зардап шеккен Минданао аралында іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. 

Осы дүмпуден кейін Филиппинде, Австралияда, Индонезияда, Жапонияда жарияланған цунами қаупі туралы ескерту бірнеше сағаттан кейін доғарылды. Табиғи апаттан Филиппинде 134 адам жараланып, 10 мыңдай отбасы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. Тағы 12 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен.