Заңгер: Құрылтай өкілеттігінің кеңеюі билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуі мүмкін

Заңгер: Құрылтай өкілеттігінің кеңеюі билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуі мүмкін
Қуат Ауғанбектің жеке мұрағатынан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін күшейтуге бағытталған бірқатар өзгерістерге тоқталды. Президенттің айтуынша, заң шығарушы органға атқарушы және сот билігін қалыптастыруға қатысуға мүмкіндік беретін ауқымды өкілеттіктер беріледі, деп хабарлайды ult.kz.

Заңгер Қуат Ауғанбектің пікірінше, бұл бастамалар билік тармақтарының арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік тетіктерін күшейтуге бағытталған маңызды институционалдық өзгерістердің бірі болуы мүмкін.

«Бастаманың негізгі мәні – заң шығарушы органның мемлекеттік билікті қалыптастырудағы және атқарушы әрі сот билігінің қызметін бақылаудағы рөлін арттыруында. Заңгер ретінде бұл бастаманың негізгі мәні – заң шығарушы органның мемлекеттік билікті қалыптастырудағы және атқарушы әрі сот билігінің қызметін бақылаудағы рөлін арттыруында деп есептеймін. Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беру, Жоғарғы сот судьяларын сайлау және қызметтен босату сияқты өкілеттіктер Құрылтайдың мемлекеттік институттар арасындағы конституциялық тепе-теңдіктегі маңызын едәуір арттырады. Сонымен қатар, Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік білдіру мүмкіндігі парламенттік бақылаудың тиімділігін күшейтетін құқықтық құралдардың бірі болып табылады. Мұндай тетік атқарушы биліктің қоғам мен өкілді орган алдындағы есептілігін арттыруға ықпал етуі мүмкін.
Алайда өкілеттіктерді кеңейту өздігінен тиімді мемлекеттік басқарудың кепілі бола алмайды. Оның нәтижелілігі осы конституциялық өкілеттіктердің іс жүзінде қаншалықты дербес және жауапкершілікпен жүзеге асырылатынына байланысты. Сондықтан Құрылтайдың жаңа құзыреттері нақты құқықтық рәсімдермен, ашықтықпен және институционалдық жауапкершілікпен қамтамасыз етілуі маңызды», – дейді заңгер.

Оның айтуынша, Конституциялық сот, Орталық сайлау комиссиясы, Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындауға келісім беру, сондай-ақ Жоғарғы сот судьяларын сайлау және қызметтен босату сияқты өкілеттіктер Құрылтайдың мемлекеттік институттар арасындағы конституциялық тепе-теңдіктегі маңызын арттырады.

Сонымен қатар сарапшы Құрылтайдың Үкіметке сенімсіздік білдіру мүмкіндігін парламенттік бақылауды күшейтетін маңызды құқықтық құрал деп бағалайды. Бұл атқарушы биліктің қоғам мен өкілді орган алдындағы есептілігін арттыруға ықпал етуі мүмкін.

Дегенмен заңгер өкілеттіктердің кеңеюі өздігінен тиімді мемлекеттік басқарудың кепілі емес екенін атап өтті.

«Оның нәтижелілігі осы конституциялық өкілеттіктердің іс жүзінде қаншалықты дербес және жауапкершілікпен жүзеге асырылатынына байланысты. Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістерді билік тармақтары     арасындағы тепе-теңдікті қайта қарауға бағытталған конституциялық реформаның жалғасы ретінде бағалауға болады. Егер жаңа өкілеттіктер тиімді парламенттік бақылаумен, сот тәуелсіздігімен, ашықтықпен және нақты жауапкершілік тетіктерімен ұштасса, бұл мемлекеттік басқару сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға оң әсер етуі мүмкін. Меніңше, бұл реформаның түпкілікті бағасы Құрылтайға қанша өкілеттік берілгенімен емес, сол өкілеттіктердің заң үстемдігі, билік тармақтарының дербестігі және қоғам мүддесі үшін қаншалықты тиімді пайдаланылатынымен өлшенеді», – деді Қуат Ауғанбек.

Маман әсіресе сот билігінің тәуелсіздігіне назар аударды. Оның пікірінше, Жоғарғы сот судьяларын сайлау және қызметтен босату тәртібі заңдылық пен сот төрелігінің тәуелсіздігі қағидаттарына толық сәйкес болуы қажет.

Жалпы, Қуат Ауғанбек ұсынылып отырған өзгерістерді билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қайта қарауға бағытталған конституциялық реформаның жалғасы ретінде бағалайды. Оның пікірінше, жаңа өкілеттіктер тиімді парламенттік бақылау, сот тәуелсіздігі, ашықтық және нақты жауапкершілік тетіктерімен ұштасса, мемлекеттік басқару сапасын арттыруға ықпал етуі мүмкін.

Президенттің тамыз айында белгілеп берген реформалары мен бастамалары Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауында одан әрі нақтыланып, жан-жақты көрініс таппақ.

Құрылтайдың өкілеттігін кеңейту, билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін күшейту сияқты ауқымды институционалдық өзгерістер Жолдаудың негізгі саяси және құқықтық арқауын құрайды. Осылайша, тамызда жарияланған негізгі басымдықтар Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының нақты іс-қимыл жоспарына айналады.

Еске сала кетейік, Президенттің тамыз айында белгілеп берген реформалары мен бастамалары Мемлекет басшысының қыркүйектегі Жолдауында одан әрі нақтыланып, жан-жақты көрініс таппақ.

Құрылтайдың өкілеттігін кеңейту және билік тармақтары арасындағы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін күшейту сияқты ауқымды институционалдық өзгерістер Жолдаудың негізгі саяси-құқықтық арқауын құрайды. Осылайша, тамызда жарияланған негізгі басымдықтар елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының нақты іс-қимыл жоспарына айналады.