Жанель Серғазина өзін сынағандарға өткір жауап қатты

Жанель Серғазина өзін сынағандарға өткір жауап қатты
Фото: ult.kz

Актриса Жанель Серғазина әнші Еркеш Хасенмен қалай танысып, отбасы құрғанын айтып берді. Ол өзіне тағылған «өзгенің отбасын бұзды» деген айыптауларға жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.

«Momsкий әңгіме» бағдарламасына берген сұхбатында актриса Еркеш Хасенмен танысқан кезде оның өзін ажырасқан, басы бос адам ретінде таныстырғанын айтты. Сондай-ақ әншінің туыстарымен кездесіп, бұл ақпараттың рас екеніне көз жеткізгенін жеткізді.

«Ол маған ажырасқанын айтты. Туыстарымен таныстырды, олар да осыны растады. Бір-бірімізді жақсы көрген соң отбасын құруға шешім қабылдадық. Сондықтан мені біреудің отбасын бұзды деп айыптау шындыққа жанаспайды», – деді актриса.

Жанель Серғазина жеке өміріне қатысты тараған қауесеттерді жоққа шығарып, бөтен адамдардың отбасы мәселесіне араласуын орынсыз әрекет деп бағалады.

Еске салсақ, Еркеш Хасен мен Жанель Серғазина 2024 жылы шаңырақ көтерген. Қазіргі таңда жұп Іңкәр есімді қыздарын тәрбиелеп отыр.