Жаңаөзенде газ баллоны орнатылған көлік жарылды

Жаңаөзенде газ баллоны орнатылған көлік жарылды
stan.kz

Жаңаөзенде газ жабдығы орнатылған көлік өртеніп, оның ішіндегі газ баллоны жарылды. Оқиға 8 қыркүйекке қараған түні Мерей шағын ауданындағы 46-шы көшеде болған, деп хабарлайды ult.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін көліктегі газ баллоны жарылып кеткен. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ жүргізушілерге газ баллоны мен жабдықтың жағдайын үнемі тексеріп, жөндеу жұмыстарын тек мамандандырылған сервистерде жүргізуді ескертті.

Көліктен газ иісі шықса, қозғалтқышты дереу өшіріп, ашық от пен электр құралдарын пайдаланбау керек. Жүргізуші қауіпсіз жерге шығып, 112 нөміріне хабарласуы тиіс.