Freedom Inside '26

Жаңа Конституция күшіне енген күні 857 кішкентай қазақстандық дүниеге келді

Жаңа Конституция күшіне енген күні 857 кішкентай қазақстандық дүниеге келді
ашық дереккөз

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енген 1 шілде күні елімізде 857 сәби өмірге келді, деп хабарлайды Ult.kz.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 435-і ұл, 422-сі қыз. Сонымен қатар Атырау және Алматы облыстарында екі егіз дүниеге келген.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл күннің жүздеген отбасы үшін ерекше мәнге ие болғанын атап өтті. Ведомствоның мәліметінше, жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні туған сәбилер еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңімен тұспа-тұс келді.

Министрлік әрбір жаңа өмірді елдің жарқын болашағының бастауы деп бағалап, ата-аналарды қуанышты оқиғамен құттықтады.

Ведомство жаңа туған нәрестелерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және амандық тіледі.