Астанада «Жаңа адамдар» мен «Дала қырандары» қозғалыстарының бірлесуімен жас көшбасшылар мен сарапшыларды даярлауға бағытталған «Адал азамат» жаңа білім беру бағдарламасы таныстырылды, деп хабарлайды Ult.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар қатысушыларға өз тәжірибелерін бөлісуді жоспарлап отыр: тиімді команда құрудан бастап, стратегиялар әзірлеуге, БАҚ-пен және қоғамдық ұйымдармен жұмыс істеуге дейін үйретеді.
«Бұны қалай құру керек, командаларды қалай жинау керек, стратегия қалай жазылады, БАҚ-пен, журналистермен, қоғам өкілдерімен қалай жұмыс істеу керек деген бағытта бізде үлкен тәжірибе мен түсінік бар. Осы тәжірибеміздің барлығын біз қазір «Дала қырандарымен» бірлесіп, «Адал азамат» білім беру бағдарламасына жинақтадық», — деді «Жаңа адамдар» қозғалысының баспасөз хатшысы Алпамыс Әбілов.
Жоба авторларының айтуынша, бағдарламаның негізіне «Іс өзімде» қағидаты салынған. Бұл біреуден кінә іздемей, туындаған мәселелердің түпкі себептерін анықтауға және нақты практикалық шешімдер қабылдауға бағытталған.