Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды

Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
t.me/kriminal_kazakhstan

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Гвардиялық гарнизон аумағында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды, деп хабарлайды ult.kz.

Ақпаратты аудандық полиция бөлімі растаған. Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша табылған сәби - қыз бала. Дәрігерлер оның денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлаған.