2026 жылғы 8 маусымда Жамбыл облысындағы Қарасу өткізу пункті аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі ірі көлемдегі темекі өнімдерін заңсыз әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ult.kz.
ҰҚК мәліметінше, жүк автокөлігінің арнайы жасырын орнына 360 мың қорап темекі өнімдері жасырылып, оларды Қазақстан аумағына заңсыз алып өтпек болған.
Алдын ала есеп бойынша тәркіленген темекі өнімдерінің жалпы құны 180 миллион теңгеден асады.
Қазіргі уақытта ұсталған тауарлар әрі қарай тексеру жұмыстарын жүргізу үшін құзырлы органға тапсырылды.
ҰҚК Шекара қызметінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері темекі өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 93 дерегі анықталған. Тәркіленген өнімдердің жалпы құны 386 миллион теңгені құраған.
Ведомство мемлекеттік шекарада заңсыз тауар айналымына қарсы бақылау шаралары тұрақты түрде жалғасып жатқанын атап өтті.