Жасұлан Базарбаев қызының бейнежазбасын көріп, тікелей эфирде көзіне жас алды. Себебі «Хабар» арнасы оның сөйлемейтін қызын ЖИ арқылы сөйлеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Әншінің өзі әлеуметтік желіде бұған дейін қызды болуды армандап, сегіз жыл күткенін, алайда қызы 2,5 жасқа толғанда оның диагнозы бар екенін білген.
«Сол сәттен бастап ем іздеп, талай маманның көмегіне жүгіндік. Бармаған жеріміз, қақпаған есігіміз қалмады. Бүгінде қызымыз он жастан асты. Жаймен сөйлеп бастап, өз ойын жеткізіп жүр», – деген әнші.
Журналист әншінің экранға назар аударуын сұрайды. Сол сәтте кішкентай қыздың сөйлеп, әкесіне ыстық лебізін білдірген видеосы шығады. Әнші көз жасына ерік берді. Желі қолданушылары ашуға булықты. Олар бұл тым ерсі әрекет екенін айтты.
Айта кетейік, бұл «Хабар арнасы» дауға қалған бірінші жағдай емес. «Хабар» телеарнасы тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелді ток-шоуға шақырып, қорлық көрсеткен күйеуін оның келісімінсіз эфирге шығарған. Бұл жағдай жәбірленушіге ауыр тиіп, соңы дауға ұласты. Жоба жетекшілері жәбірленушіге эфир алдында агрессор күйеуі болмайтынына сендіріп, оның беті жабық болатынына уәде берген. Алайда бұл уәдені орындамай, жәбірленушіні эфир арқылы күйеуіне қоспақ болған ток-шоу көрермен сынына ұшырап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.