"QosLike" бағдарламасының бұрынғы жүргізушісі Балауса Амантай алғаш рет ана атанды. Тележүргізуші әлеуметтік желідегі парақшасында қызымен түскен суреттерін бөлісіп, көпшілікке қуанышты жаңалығын жеткізді,деп хабарлайды ult.kz.
Балауса Амантай Instagram парақшасында сәбиінің дүниеге келгенін сүйіншілеп, әсерлі жазба қалдырған.
"Қош келдің, қызым", – деп жазды тележүргізуші.
Жарияланған суреттердің бірінде жас ана нәрестесін бауырына басып тұрғанын көруге болады. Ал келесі фотода сәбидің кішкентай қолын ата-анасы алақандарына салып ұстап тұрған сәт бейнеленген.
Әзірге Балауса Амантай қызына қандай есім бергенін көпшілікке айтқан жоқ. Сондай-ақ нәрестеге қатысты өзге де мәліметтерді жарияламаған.
Тележүргізушінің қуанышына әлеуметтік желідегі оқырмандары мен өнердегі әріптестері ортақтасып, жылы лебіздерін білдірді. Құттықтаушылар қатарында танымал актриса Дариға Бадықова да бар. Ол жазба астына "Бауы берік болсын" деп пікір қалдырған.
Айта кетейік, Балауса Амантай көрерменге "QosLike" телевизиялық жобасындағы жүргізушілік қызметі арқылы кеңінен танылған.
Балауса Амантай кім?
Балауса Амантай – қазақстандық журналист, тележүргізуші, "QosLike" бағдарламасы арқылы көпшілікке танылған медиа өкілі. Ол 1997 жылы 5 мамырда Атырау облысы Индер ауданына қарасты Өрлік ауылында дүниеге келген. 2018 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған. Сол жылы еңбек жолын "Еуразия" Бірінші арнасынан бастаған.
Алғашында "Қайырлы таң, Қазақстан!" таңғы ақпараттық-ойын-сауық бағдарламасында тілші болып жұмыс істеген. 2020 жылы аталған бағдарламаның жүргізушісі атанды.
Ал 2024 жылдан бастап "QosLike" әлеуметтік-ойын-сауық жобасын жүргізуге кіріскен. Бұл бағдарламада отбасын құруды мақсат еткен қыз-жігіттердің танысуы, қарым-қатынасы мен өмірлік серік таңдауы көрсетіледі.
2026 жылдың қыркүйегінде Балауса Амантай ана атануға дайындалып жатқанын айтып, тележобадан уақытша демалысқа шығатынын мәлімдеді. Осыған байланысты бағдарламаға жаңа жүргізуші іздеу жұмыстары басталды.
2026 жылдың қазанында тележүргізуші қыз баланы дүниеге әкелгенін әлеуметтік желіде сүйіншіледі. Ол нәрестесімен түскен алғашқы суреттерін жариялағанымен, қызының есімін әзірге көпшілікке айтқан жоқ.