Волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты

Волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова тұрмысқа шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Спортшы бұл туралы Инстаграм парақшасында жазды. 

«Биылғы жылды ең жақсы жардың зайыбы мәртебесі ретінде аяқтаймын», - деп жазды ол.

Еске сала кетсек осы жылдың жазында Сәбина Алтынбекованың спорттағы жолын италиялық «Волалто Казерта» командасында жалғастыратыны хабарланған болатын. Ол ойын алаңында өнер көрсеткенімен қоймай, команданың өзіндік «бет-бейнесіне» айналады. Яғни, клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық спортшының әлеуметтік желілердегі аудиториясының көптігі клубқа қолайлы болып тұр.