Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің мәлімдеуінше, 24 маусымда болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5 202 адамға жетті, деп хабарлайды ult.kz.
Билік мәліметінше, табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда шамамен 2 миллион тонна құрылыс қалдықтары үйіліп қалған. Құтқарушылар үйінділерді тазалау, іздестіру және инфрақұрылымды қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бұл – соңғы жылдардағы Венесуэла тарихындағы ең ауыр табиғи апаттардың бірі болып отыр. Елдің бірқатар өңірінде тұрғын үйлер, жолдар мен әлеуметтік нысандар қирап, мыңдаған адам баспанасыз қалған.