CNN мәліметінше, 4300-ден астам тұрғын жарақат алып, мыңдаған адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Ең үлкен қираулар Каракас қаласы мен апат аймағы деп жарияланған Ла-Гуайра штатында тіркелген. Өңірде 250-ге жуық ғимарат, сегіз аурухана және елдің басты халықаралық әуежайы қираған.
Елде төтенше жағдай жарияланды. Құтқару қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Венесуэлада 24 маусым кешінде араға небәрі 39 секунд салып магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісі тіркелгенін жазғанбыз.