Freedom Inside '26

Ұлынан қорлық көрген қарияның немерелері тың дерек айтты

Ұлынан қорлық көрген қарияның немерелері тың дерек айтты
Фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желіде ұлы тарапынан зорлық көргені айтылған қарияның жағдайы көпшіліктің назарын аударған еді. Белгілі болғандай, қазір ақсақал туған қарындасының емес, немерелерінің қолына көшкен, деп хабарлайды ult.kz.

Журналист Жұлдыз Қайратқызы қариямен тілдесіп, оның жағдайын әлеуметтік желіде жариялады. Ақсақалдың айтуынша, ұлы оған күш көрсетіп, еркін жүруге де мүмкіндік бермеген.

– «Маңдайымнан салып қалды. Түнде кіші дәретке барғым келіп, сыртқа шығайын десем, тағы айқайлайды. “Бармайсың, қайда?” дейді. Сол кезде әжетхананың жанындағы сөреде ине-жіп салатын құты болатын. Ішінде қайшы бар еді. Соны алып, қашып кетуге әрекеттендім», – дейді қария.

Оның айтуынша, жұбайы өмірден өткеннен кейін туыстары қара шаңыраққа сирек келетін болған. Уақыт өте келе үйдегілердің де қарым-қатынасы өзгеріп, жақындарымен байланысы үзіліп қалған.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сарыөзек ауылында егде жастағы тұрғынға қатысты зорлық-зомбылық жасалған болуы мүмкін деген ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ауыл тұрғыны Эділхан Сисенов ұзақ уақыт бойы өз әкесіне күш көрсеткен. Соның салдарынан қария туған-туыстарының қолына кетуге мәжбүр болған.