Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында елімізде отандық тауар өндірушілерді қолдаудың және олардың ішкі нарықтағы үлесін арттырудың кешенді жүйесі қалыптасқанын атап өтті, деп хабарлайды ult.kz.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде отандық өндірушілерді қолдаудың негізгі тетіктері іске қосылды.
Ұлттық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру барысында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық кәсіпорындарға басымдық беріледі.
Салықтық және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары жаңа өндірістерді іске қосып, қолданыстағы өндірістердің қуатын кеңейтуге қолайлы жағдай жасап отыр. Енді ішкі нарықта отандық өнімнің үлесін тұрақты түрде арттырып, қазақстандық тауарлардың экспортын кеңейту қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.