Ұлттық құрамалар жаттығуларына қайта кіріседі

Ұлттық құрамалар жаттығуларына қайта кіріседі

17 тамыздан бастап елімізде ұлттық құрамалар мен спорттық клуб командаларына жаттығуға қайта кірісуге рұқсат етіледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұрғындарға спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі. Бұл – жеке спорт түрлері, ашық аспан астында топтық жаттығулар. Жаттығу жасайтындар саны 5 адамнан аспауы керек және әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті», - деді А.Есмағамбетова.

Сондай-ақ, ол ұлттық құрамалардың жаттығуына рұқсат берілетіні туралы айтты.

«Бұған қоса, біз спорттық базаларда 30 адамнан аспайтын жағдайда және ұлттық профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар сақталатын болса, ұлттық құрама командаларға, спорттық клубы командаларына спорттық жаттығулар өткізуге рұқсат бердік. Халық үшін бір отбасы мүшелерін қоспағанда көшеде 3 адамнан көп жүруге рұқсат етілмейді. Саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға, яғни ашық аспан астындағы барлық нысандарға баруға болады. Бірақ әлеуметтік қашықтықты қадағалау керек», - дейді ол.