Freedom Inside '26

Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Дубайдағы оқуын бітіріп, дипломын алды

Тұрсынбек Қабатовтың үлкен қызы Дубайдағы оқуын бітіріп, дипломын алды
Коллаж: видеодан кадр

5 жыл бұрын ҰБТ-ға қатысты даумен ел талқысына түскен Әдемі Тұрсынбекқызы бүгінде Дубайдағы университетті сәулетші мамандығы бойынша аяқтап, дипломын алды, деп хабарлайды ult.kz.

Осыған дейін оның аты ҰБТ кезінде өз орнына басқа адамның тест тапсырғаны туралы дауда аталған болатын. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланып, көпшілік әлеуметтік желіде түрлі пікір білдірген еді. Кейін қылмыстық іс аясында ЕҰУ-дің 2-курс студенті жауапқа тартылғаны белгілі болғанымен, істің әрі қарайғы нәтижесі жария етілмеді.

Бүгін Әдемі Тұрсынбекқызы оқуын сәтті аяқтағанын хабарлады. Ал әкесі Тұрсынбек Қабатов қызының шетелде білім алуына кезінде Иманғали Тасмағамбетовтің кеңесі себеп болғанын айтты.