Белгілі әзілкеш әрі шоумен Тұрсынбек Қабатов туған жері – Ақпәтер ауылында жаңа мешіттің құрылысын бастап кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Бұл туралы оның жерлесі Нұрбек Досқазиев TikTok желісіндегі парақшасында хабарлады.
Алайда бұл бастама желі қолданушылары арасында әртүрлі пікір тудырды. Бірі өнер иесінің ауылына мешіт салып, игі іс жасап жатқанын құптап, сауапты бастама деп бағалады.
Ал кейбір қолданушылар ауылға мешіттен бұрын мектеп, балабақша немесе басқа да әлеуметтік нысан қажет деген пікір білдірді.
Қазір мешіт құрылысының нақты қашан аяқталатыны туралы ақпарат жарияланған жоқ.
Елдің көбі “кінәсін жабу үшін” деген пікірлер жазуда.