Freedom Inside '26

Түркияда алтын кенішінде көшкін жүріп, жұмысшылар үйінді астында қалды

Түркияда алтын кенішінде көшкін жүріп, жұмысшылар үйінді астында қалды

Түркияның Эрзинджан қаласының Илич ауданында орналасқан алтын шахтасында көшкін жүріп, 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" azattyq-ruhy.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға орнына іздеу-құтқару отрядтары жіберілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 13 ақпанда сағат 14:00 шамасында Эрзинджан провинциясының Илич ауданындағы шахтада көшкін болды. Үйінді астында қалып қойған адамдар бар екенін хабарланды. Құтқару жұмыстарына 400 адам жұмылдырылған. Алтын шахтасында 667 жұмысшы ауысыммен істейді.