Ұлттық қауіпсіздік комитеті Түркістан облысында шекарадағы заңсыз делдалдықпен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты, деп хабарлайды ult.kz.
Арнайы операция 12 маусым күні полиция қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Тергеу мәліметінше, күдіктілер ауыр жүк көліктерінің жүргізушілеріне кедендік рәсімдерден жедел өтуге көмектесіп, заңсыз делдалдық қызмет көрсеткен.
Жиналған материалдар негізінде 17 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Олардың бесеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тінту барысында бес дана атыс және пневматикалық қару, ірі көлемдегі ақша қаражаты мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер жария етілмейді.