Түркістан облысының Түлкібас ауданында екі жасар бала сыртқы әжетханаға құлап, қайтыс болды, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 шілде күні Ақсу-Жабағылы ауылында болған.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 2024 жылы туған бүлдіршін тұрғын үй ауласында ересектердің қарауынсыз қалып, абайсызда тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын сыртқы әжетханаға құлап кеткен.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жедел жәрдем қызметі, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган мен орман шаруашылығының мамандары барған. Құтқарушылар баланың денесін әжетханадан шығарып алды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында балалардың қараусыз қалуы салдарынан су айдындарында сегіз жазатайым оқиға тіркелгені хабарланған болатын.