Түркістан облысы Темірлан ауылында бір жасар бала жеке тұрғын үй ауласындағы дала әжетханасына құлап кеткен, деп хабарлайды ult.kz.
Оқыс жағдай туралы хабарлама 112 пультіне түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. Мамандар баланы абайлап шығарып алып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды.
ТЖМ ата-аналарға балаларды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмауды және ауладағы қауіпті орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттігін ескертеді.