Түркияда 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады

Түркияда 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады

2026 жылғы 1 қарашадан бастап Түркияда 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салынады. Тиісті ереже 10 қазанда республиканың Resmî Gazete ресми газетінде жарияланды, деп жазады ult.kz.

Әлеуметтік желі платформалары пайдаланушыларды тіркеу кезінде олардың жасын мемлекеттік e-Devlet порталы арқылы тексеруге міндеттеледі. Белгіленген жасқа толмаған балаларға аккаунт ашуға тыйым салынады.

15 жастан асқан жасөспірімдерге де бірқатар шектеу енгізіледі. Олардың аккаунттары жабық болуы тиіс, ал хабарламаларды тек өздеріне жазылған пайдаланушылардан ғана ала алады. Сонымен қатар жасөспірімдерге тікелей эфир жүргізуге, жекелендірілген жарнамалар мен басқа аккаунттардың ұсыныстарын алуға, сондай-ақ телефон кітапшасындағы және өзге де сервистердегі контактілерді синхрондауға тыйым салынады.

Әлеуметтік желілер ата-аналар мен қамқоршыларға балалардың аккаунттарын бақылауға арналған құралдарды ұсынуға міндетті болады. Ересектер балалардың профиль баптауларын басқара алады, платформаларды пайдалану уақытына шектеу қояды және ақылы операцияларды растауға мүмкіндік алады.