Freedom Inside '26

Туризм және спорт министрлігі Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесіне жауап берді

Туризм және спорт министрлігі Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесіне жауап берді
dalanews.kz

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шахматшы Бибісара Асаубаеваның мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды ult.kz.

Белгілі болғандай былтыр Бибісара Асаубаеваның дайындық бары мен оқу-жаттығу жиындарына 160 млн теңгеден астам қаражат бюджет берілген. 

"2026 жылдың жартысында Федерациямен, қормен, Спортты дамыту дирекциясымен бірлескенде бір ғана спортшыға 210 млн. теңгедей қаражат бөлінген болатын. Сондықтан оның үнемдеп өз қаражатына дайындалып жатқан деген мәліметі толықтай шындыққа сай емес. Тек 2026 жылдың ішінде Туризм және спортты қолдау қорынан 100 млн. теңге берілген болатын. Сонымен қатар федерация тарапынан осы жылдың басынан бастап, 80 млн. теңге тек дайындыққа берілген болатын. Сондай-ақ былтырғы жылдың соңында әлем чемпионаты болғаны үшін 25 млн. теңге сыйақы берілген.  Және де Республикалық дирекция арқылы ай сайын жалақысы төленіп тұрады. Ол расында да екі жыл бұрын екі есе көп болған. Бірақ қазір шахмат басым спорт түрлеріне кірмегеннен кейін біз оны азайттық. Былтыр арнайы Президент қол қойып, 46 басым спорт түрлері бекітілген. Сондықтан осыған байланысты жалақысы сәл азайды. Бірақ қалған барлық қаражат бөлініп жатыр", - деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін танымал шахматшы, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева Мемлекет басшысына видеоүндеу жолдап, кәсіби спортшыларды қолдау мәселесіне назар аударуды сұраған болатын. Шахматшының айтуынша, халықаралық жарыстарға дайындық кезінде кейбір шығындарды өзі мен ата-анасы көтеруге мәжбүр болған.