
Алматы облысында тұрғындар сайлаған Талғар қаласының әкімі Қайрат Исабаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Шенеуніктің қызметінен кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Талғар ауданы әкімдігі деректерді растау немесе жоққа шығару үшін жергілікті сайлау комиссиясына хабарласуды сұрады.
"Аудан әкімдігінің бұл жағдайға қатысты пікір білдіруге құқығы жоқ, өйткені Қайрат Исабаев халық дауысы арқылы сайланған. Сондықтан Талғар ауданының аумақтық сайлау комиссиясына өтініш жолдауыңызды сұраймыз", - деді әкімдіктегілер.