Хромтауда жоғалып кеткен ер адамның өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ult.kz.
Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 2024 жылдың қазан айында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкім шығарды.
Іс материалдарына сәйкес, айыпталушылардың бірі адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал екінші сотталушы аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бұл іс қоғамның назарын аудартқан оқиғалардың бірі болды. Тергеу барысында марқұмның дене мүшелерінің бірі тұрмыстық тоңазытқыштан табылғаны анықталған.