Тиль Швайгер Джеки Чанмен бірге фильм түсіру үшін Қазақстанға келді

Тиль Швайгер Джеки Чанмен бірге фильм түсіру үшін Қазақстанға келді
ашық дереккөз

Неміс актері Тиль Швайгер Джеки Чанмен бірге «Құдайлар сауыт-сайманы: Ультиматум» («Доспехи Бога: Ультиматум») атты шытырман оқиғалы боевиктің түсіріліміне қатысу үшін Қазақстанға келді, деп хабарлайды ult.kz.

Қазір актер Алматыдағы түсірілім алаңында жұмыс істеп жатыр. Алайда «Достучаться до небес» және «Бесславные ублюдки» фильмдерімен танымал Тиль Швайгердің картинада қандай рөлді сомдайтыны әзірге жарияланған жоқ. Оның фильмографиясында 80-нен астам жұмыс бар.

«Құдайлар сауыт-сайманы: Ультиматум» — Джеки Чан ойнайтын танымал фильмдер сериясының төртінші бөлімі. Актер онда қазына іздеуші, Азиаттық Қаршыға лақап атымен танымал кейіпкерді қайта сомдайды. Ол бұл жолы ежелгі артефактіні іздеуге аттанады.

Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматы мен Астанада, Түркістан, Алматы және Маңғыстау облыстарында өтіп жатыр. Негізгі түсірілім орындарының бірі — Бозжыра шатқалы.

Қазақстандағы түсірілім жұмыстары маусым айында басталған. Жоба бойынша жұмыс қазан айына дейін жалғасады.

Фильмді қазақстандық Salem Entertainment және гонконгтік Billion Target компаниялары бірлесіп түсіріп жатыр. Картинаға режиссерлік ететін — қазақстандық Роберт Кун.

Фильмнің тұсаукесері 2027 жылы өтеді деп жоспарланып отыр.