Жетісу облысының төрт тұрғыны TikTok-та тікелей эфир арқылы заңсыз карта ойындарын ұйымдастырып, 95 миллион теңге табыс тапқан. Сот олардың әрқайсысын төрт жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды ult.kz.
Тергеу мәліметінше, төрт адам әлеуметтік желіде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған. Құқықбұзушылық кезінде олардың біреуі кәмелетке толмаған.
Сот оларды ҚР ҚК-нің 307-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен бірге төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.