Freedom Inside '26

Теміртауда қонаққа келген ер адам пәтер иесін пышақтап өлтірді

Теміртауда қонаққа келген ер адам пәтер иесін пышақтап өлтірді
egemen.kz

Қарағанды облысының Теміртау қаласында таныстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ult.kz.

Оқиға Металлургтер даңғылындағы пәтерлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қонаққа келген 37 жастағы ер адам үй иесімен жанжалдасып, оны пышақтаған. Ауыр жарақат алған 33 жастағы пәтер иесі оқиға орнында көз жұмды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Таныстар арасында жанжал туындаған. Жанжал кезінде 33 жастағы пәтер иесіне пышақ жарақаты салынған, ол алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.