Тауда тікұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

Тауда тікұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты
Фото: әлеуметтік желі

Кенияның Ололокве тауында тікұшақ апатқа ұшырап, борттағы 7 адам – алты турист пен ұшқыш қаза тапты. Бұл туралы Кения билігі мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның хабарлауынша, Eurocopter EC130 B4 тікұшағы жергілікті уақыт бойынша 09:13 шамасында Самбуру округіндегі Ололокве тауында құлаған. 

Тікұшақ Лайкипия округіндегі Соян ранчосынан Лойсаба қорығына бағыт алған. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Оқиға бойынша тергеу басталды.