Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ult.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Савельева жаңа қызметке тағайындалды.
Сонымен қатар Әскер Құрманғалиұлы Бейсенов Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды.
Айта кетейік, Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған.