Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
ашық дереккөз

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды ult.kz.

Бұл туралы Құрылтай отырысында Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавхат Өтемісов баяндама жасады.

Оның айтуынша, Құрылтай Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабының 4-тармағына және 56-бабының 12) тармақшасына, сондай-ақ Құрылтай Регламентінің 255-тармағына сәйкес тиісті қаулы қабылдаған.

Осылайша, Татьяна Савельеваның Құрылтай депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.