Әнші Аша Матай өзін пікірсайысқа шақырған заңгер Мейірман Шекеевке үн қатты, деп хабарлайды ult.kz.
Ол әлеуметтік желіде видео жариялады. Әнші ер адамдармен сөз таластыруға тәрбиесі жібермейтінін айтты.
«Анамның үйреткені, жеке басымның мүддесі үшін ермен, оның үстіне ел ағасы жасындағы адаммен пікірталасқа түсуге тәрбием жібермейді. Көкірегімдегіні дәлелдеу үшін дауласуға жоқпын. Ел үшін бірігіп жұмыс істеуге бармын. Тырнақ астынан кір іздемей бірге жұмыс істейікші, ағалар. Көбіңіз мені сахна арқылы танисыздар. Осы жолды силаған тағдырыма ризамын. Өнер жолы маған халықтың мұң-мұқтажын көруді, қиындығын сезе білуді үйретті. Сондықтан мен халық партиясындамын», - деді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды пікірсайысқа шақырған еді. Тіпті, “партиясымен бірге келсін” деп қатқыд үн қатқан еді.