Қазақстанда алаяқтар басшылар мен әріптестердің атын жамылып, қызметкерлерден банк деректерін, құпия кодтар мен басқа да ақпаратты сұрай бастаған. Тіпті телефон экранында таныс адамның нөмірі көрінуі мүмкін, деп хабарлайды ult.kz.
Қазақстанда алаяқтар басшылар мен әріптестердің атын жамылып, қызметкерлерден банк деректерін, құпия кодтар мен басқа да ақпаратты сұрай бастаған. Тіпті телефон экранында таныс адамның нөмірі көрінуі мүмкін.
Мұндай жағдайда алаяқтар әлеуметтік желілерден компания қызметкерлері туралы мәлімет жинап, жалған немесе бұзылған аккаунттарды пайдаланады. Кейде қоңырау шалушының нөмірін техникалық тәсілдермен өзгертіп көрсетуі де мүмкін.
ІІМ мен KZ-CERT мамандары күмәнді өтініштерді басқа байланыс арнасы арқылы тексеруге кеңес береді. Құпия кодтар мен парольдерді ешкімге бермеңіз, белгісіз сілтемелерге өтпеңіз және ақша аударуға асықпаңыз.
Егер құпия деректерді беріп қойсаңыз, парольдерді дереу ауыстырып, компанияның ақпараттық қауіпсіздік қызметіне хабарласыңыз. Банк деректеріне қатысты күдік болса, банкке жедел хабар берген жөн.